Amazon EC2 даналарына бағдарламаларды орнату үшін IAM рөлін құру

Kaspersky Security Center көмегімен EC2 даналарында қорғанысты орналастырмас бұрын, AWS басқару консолінде даналарға бағдарламаларды орнату үшін қажетті құқықтары бар IAM рөлін жасаңыз. Кеңейтілген ақпарат IAM рөлдерін сипаттайтын AWS анықтамасы бөлімдерінде келтірілген.

IAM рөлі, оны Kaspersky Security Center көмегімен қауіпсіздік бағдарламаларын орнатуды жоспарлап отырған барлық EC2 даналарына тағайындау үшін қажет. Егер сіз данаға қажетті құқықтары бар IAM рөлін тағайындамасаңыз, бағдарламаларды осы даналарға AWS API құралдарымен орнату қатемен аяқталады.

AWS басқару консолімен жұмыс істеу үшін, сізге AWS есептік жазбасының пайдаланушы аты мен құпиясөзі керек.

Даналарға бағдарламаларды орнату мақсатымен IAM рөлін құру үшін:

  1. AWS басқару консолі тармағын ашып, өзіңіздің AWS есептік жазбаңызбен кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Roles тармағын таңдаңыз.
  3. Create Role түймесін басыңыз.
  4. Пайда болған сервистер тізімінен EC2 тармағын таңдап, Select Your Use case тізімінен тағы да EC2 тармағын таңдаңыз.
  5. Келесі: Құқықтар түймесін басыңыз.
  6. Пайда болған тізімде AmazonEC2RoleforSSM тармағына қарама-қарсы жалауша қойыңыз.
  7. Келесі: Қарау түймесін басыңыз.
  8. IAM рөлі атауы мен сипаттамасын енгізіп, Create role түймесін басыңыз.

    Жасалған рөл, сіз енгізген аты мен сипаттамасы бар рөлдер тізімінде көрсетіледі.

Алдағыда сіз Kaspersky Security Center көмегімен қорғайтын жаңа EC2 даналарын жасау кезінде құрылған IAM рөлін пайдалана аласыз, сондай-ақ оны бұрыннан бар даналармен байланыстыра аласыз.

Осы құжатта көрсетілген веб-беттердің мекенжайлары Kaspersky Security Center шыққан күні дұрыс болып саналады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бұлтты ортада орналастыру

Басына оралу